Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы цифрлық жүйелердің маңызы

       Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның әділеттілігіне үлкен қауіп төндіретін фактор. Бұл мәселенің алдын алу және жою бағытында Қазақстан Республикасы бірқатар нақты шараларды қабылдап келеді. Соның ішінде цифрлық технологиялардың, атап айтқанда «E-gov»,  "Е-өтініш" және "Е-лицензия" ақпараттық жүйелерінің енгізілуі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуде үлкен рөл атқаруда.

Қазіргі таңда қызмет алушы әр азамат өзінің электрондық қолтаңбалы кілтін пайдаланып, «E-gov» электрондық жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы қажетті  қызметтерді пайдалана алады. 

"Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік органдарға өз өтініштерін онлайн түрде жолдай алады. Бұл жүйе әрбір өтініштің тіркелуі мен қаралу барысын бақылауға мүмкіндік береді. Өтініштерге уақытылы әрі объективті жауап беру – қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, азаматтар өз құқықтары бұзылған жағдайда, дәлелді түрде шағым түсіре алады. Бұл механизм – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты құралы.

Ал "Е-лицензия" мемлекеттік деректер базасы арқылы кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға, шаруа қожалықтарына өздеріне қажетті өтініштерін  осы электрондық жүйе арқылы қызметтерін алаға мүмкіндіктері бар. Бұрын қағаз жүзінде өтетін, адам факторына тәуелді процестер бүгінде автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде қызмет көрсетушілердің тікелей байланыс қажеттілігін азайтып, қызмет көрсетудегі әділетсіздікті болдырмауға жол ашады.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдер – жемқорлықсыз қоғам құрудағы басты құралдардың бірі. Ашықтық, есептілік, онлайн бақылау – осының бәрі қоғам сенімін арттырып, мемлекеттік басқару сапасын жоғарылатады.

Сондықтан, әрбір азамат цифрлық сервистерді тиімді пайдаланып, мемлекеттік органдардың заң аясында әділ қызмет көрсетуін талап етуі – еліміздің тұрақты дамуына қосқан үлесі болмақ.

 

 

Дата публикации
12 декабря 2025
Дата обновления
12 декабря 2025
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Ақпарат
01 сентября 2026
Мемлекеттік қызмет
Ақпарат
01 сентября 2026
Денсаулық сақтау
Ақпарат
01 сентября 2026
Білім бөлімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы