Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағынасәйкесжәне Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №15нқ өкімімен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданыАқжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылдың 1,2,3,4 тоқсандары қамтылды.
Мекен-жайы: Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылы Ер Қабанбай көшесі № 33 телефон. 87223038013
«Абай облысы Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты» ММ-нің ауылдық округ әкімі Е.Н.Сейльгазин.
Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүргізді:
1) оның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылдың 19 наурыздан бастап 08 сәуір айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ауылдық округ әкімі және Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 15нқ өкімінің 1 қосымшасында бекітілген жұмыс тобы жүргізеді.
«Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 2023 жылдың 3,4 тоқсандарында арнайы конкурс арқылы екі бас маман жұмысқа қабылданды.
Ішкі талдаумен мынадай нормативтік-құқықтық актілер қамтылды:
- Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы»," Мемлекеттік сатып алу туралы " ҚР Заңдары, ҚР Еңбек кодексі, "Құқықтық актілер туралы"2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Заңы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Кодексі, Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, жеке істері әкімнің өкімдері мен шешімдері, ИС ОДО, ИС «Е-қызмет», ИС «Е-өтініш», ЕПИР ГО ақпараттық жүйелер, талдау обьектісіне жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағым, өтінішерін қарау тәртібі туралы ережелері және 2022 жылдың 15 қыркүйек айында бекітілген № 423 «Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі қолданысқа алынды.
Ақжар ауылдық округі әкімінің аппаратында дербес бөлімдер мен ведомствоаралық ұйымдар жоқ.
Аппарат өз қызметін "Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесінің Ережесін (бұдан әрі-ереже) бекіту туралы" Үржарауданы әкімдігінің 15.09.2022 жылғы №423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Аппарат 5 міндетті және 42 функцияны жүзеге асырады, оның ішінде реттеуші, іске асыру, рұқсат беру, бақылау.Ақжар ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады: Ақжар, Амангелді және Қарамойыл ауылдары. Аппаратта 1 ауылдық округ әкімі, 5 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады.
Жұмыс тобының жүргізген талдау нәтижесінде аппараттың қызметіне қатысты ішкі құжаттары, мемлекеттік қызметшілерінің жеке істері, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері пайдаланылды, мемлекеттік бюджет қаражатын толықтай игеру, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу, салық түсімі, статистикалық деректер (ауылдық округ бойынша халықтың табиғи қозғалысы (санақ), мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағым, өтініштерін қарастыру кезінде құқық бұзушылық теріс қылықтар анықталмады.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, ауыл әкімі мен аппарат қызметкерлері арасында түсініспеушілік жағдайда қақтығыстар орын алған жоқ. Ішкі талдау жүргізу кезінде ауыл әкімі, 5 бас маман қатысты. Аппаратта кадрлардың тұрақсыздығы бар, себебі: жалақының аздығынан және жауапкершілікке тұрақсыздықтын болуы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында
2 тәуекел анықталды.
1.Әскери шақырту бойынша:Ауылдық округ әкімдерінің құзырына қатысты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағы 9 тармақшасы «өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ» азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы орган азаматтарды мерзімді әскери міндеттілікпен әскери қызметке шақыру сонымен қоса шақырту парақтарын тарату немесе азаматты қамтамасыз ету барысында сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыруы мүмкін, соның ішінде әр түрлі сылтаулық әрекеттер.
Ұсыныс: Жергілікті атқарушы орган өз міндетін орындағансоң әскери міндетті азамат қорғаныс істер бөліміне бармаған жағдайда және бірнешерет шақыртудан бас тартқаннан кейін, арнайы құзырлы органдар соның ішінде ішкі істер бөлімінің қызметкері жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып жұмыс атқарса. Атқарылған жұмыстан нәтиже бермеген жағдайда, заң талабына сай айыппұлдық көрсеткіштер салынса.
Бұл жерде жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру бағыты, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді өз пайдасына жарату.
Ұсыныс:ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу (баланс) жұмыстары заң талабына сай уақытылы жүргізіліп, сонымен қоса «МинАгро» сайты арқылы иесіз жерлердің игерілгендігі немесе игерілмегендігі туралы бақылау қатаң жүргізілсе.
Ауылдық округ әкімшілігінде «Е-лицензия» онлайн бағдарламасы арқылымемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз, өтініш, шағымдары, кіріс шығыс құжаттары ақпараттық алмасу бұлттық құжат айналымы арқылы уақытылы мерзімде жүргізіледі. «Е-Қызмет» онлайн бағдарламасы бойынша ауылдық округ әкімінің өкімдері көрсетілген мерзімінде тіркеуге алынады. Мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын игеру және салық түсімдерін жинақтау жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабына сәйкес атқарылып отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында құқық бұзушылық әрекеттер орын алған жоқ.