Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 6 тармағына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
- «Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Ақжар ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде жұмыс тобының құрамы бекітілсін №1 қосымшасына сәйкес.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары № 2 қосымша.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары 2023 жылдың 1,2,3,4 тоқсаны қамтылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылдың 19 наурыз айынан 2024 жылдың 08 сәуір айына дейін белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік «Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс тобының құрамына жүктелсін.
- Осы өкімінің орындалуы мен бақылау жұмыстарын жүргізуді өзіме қалдырамын.
Ауыл әкімі Е.Сейльгазин