Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 13.11.2025 жылы «2025 жылға Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобын құру туралы» Ақжар ауылдық округі әкімнің №40/1 н/қ өкімімен жұмыс тобы құрылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Жауапты: Ақжар ауылдық округі әкімінің бас маманы М.Жуманова.
Ұйымдаструшылық-басқарушылық қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
• Персоналды басқару
• Мүдделер қақтығысын реттеу
• Мемлекеттік қызметтер көрсету
• Мемлекеттік сатып алу
• Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
1.Әкім аппаратының ұйымдастырушылық- басқарушылық
қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.11 Персоналды басқару
2025 жылдың қаңтар мен желтоқсан айларының жағдайы бойынша әкім аппаратының штат саны -6 бірлікті құрайды, нақты саны-6. Бос орындар саны- 0 бірлік. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тұлғалар-1 бірлік.
1.2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасауы.
2026 жылдың қаңтар айынан 2026 жылдың қыркүйек айы арлығында әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.
• Мүдделер қақтығысын реттелмеуі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1 тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде әкім аппаратында жақын туыстарының бірлескен қызмет (жұмыс) фактісі анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес Әкім аппаратымен 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі
* Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
* Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттіік меншігіндегі жер учаскелеріне құқытарды алу;
* Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
* Елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру;
* Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айы аралығында барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-16
3.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері саны-11.
Ақжар ауылдық округінде 2026 жылдың қаңтар-қараша айларында әкім аппаратына келіп түскен өтініштер- 11. Барлық өтінішке жауап берілді. Әкімнің жеке қабылдауына тіркелгендер жоқ. Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны 0.
Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процесстерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысының орын алуы
2026 жылы мемелкеттік сатып алу порталында жалпы соммасы 34 693 500 теңгеге 33 шарт жасалды, оның ішінде бір көзден 27 шарт жасалған.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 04.12.2015 жылғы №434 Заңының 37 бабына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілмен жүзеге асырылды.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу шарттары Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәләндырылады. Талданып отырған кезеңде жүргізілген Мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған.
Тексеру Әкім аппаратында Мемлекеттік сатып алу көп жағдайда ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы №434 Заңының 39-бабы 3 тармағының 36 тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылғанын көрсетті. Сондықтан мемелекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жатады.
Әкім аппаратының қызметкерлері қатарынан мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданып, олардың жеке істерінде тігілген. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері анықталған жоқ.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
«Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында және 2026 жылғы 22 маусымдағы Абай облысы Үржар ауданы әкімінің "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішікі талдау жүргізу туралы" №25-нқ-б өкімін орындау үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету шаралары күшейтіліп, әлеуметтік желі арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
Ішкі талдау нәтижелерінің сараптамалары интернет ресурсқа жариялансын.
Ақжар ауылдық округінің әкімі В.Щуцкий