GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жолаушылар көлігі
21 октября 2026
Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

1. Абай облысының әкімдігі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасында 2026 жылдың 20 қараша күні сағат 10.00-де өтетін маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

 

2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:

Лот № 1

Семей – Шемонайха, ұзындығы 125 км

Лот № 2

Семей – Жерновка –Жаңа Шүлбі Песчанка, ұзындығы– 127 км

Лот № 3

Семей – Өскемен, ұзындығы 218 км

Лот № 4

Семей – Риддер, ұзындығы– 298 км

Лот № 5

Семей – Ескі бекініс, ұзындығы– 17 км

Лот № 6

Семей – Қалбатау – Жаңғызтөбе, ұзындығы – 193 км

 

3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 6 қараша.

6. 2026 жылдың 28 қазан сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

7. Анықтама алу үшін телефон: 35-55-14

 

Жолаушылар көлігі
18 сентября 2026
«Семей – Үржар – Семей» бағыты бойынша әуе қатынасы

 

          Абай облысында Үржар ауданының көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және әуе қатынасын дамыту бағытында жұмыстар жалғасуда.

          Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 ақпандағы №30 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын «Семей – Үржар – Семей» әуе бағытын айқындау туралы» қаулысына сәйкес, аталған бағыт бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты ішкі әуе тасымалдауларына облыстық бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жүзеге асырылады.

          Субсидияланатын әуе бағыттарына қызмет көрсетуге арналған конкурс Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы №95 «Субсидияланатын әуе бағыттарына конкурс өткізу және субсидияланатын әуе бағыттарына куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жыл сайын өткізіледі.

          2026 жылға арналған конкурс қорытындысы бойынша «Семей – Үржар – Семей» бағыты бойынша тасымалдаушы болып «Оңтүстік аспан» әуекомпаниясы» АҚ айқындалды.

          Тұрғындар мен өңір қонақтарына қолайлы жағдай жасау және көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында туристік маусым кезеңінде әуе рейстерінің жиілігі арттырылды. Маусымнан тамыз айына дейін рейстер аптасына 5 рет орындалып, жолаушыларға сұраныс жоғары кезеңде сапарларын жоспарлауға қосымша мүмкіндік берілді. Қалған айларда әуе рейстері тұрақты түрде аптасына 2 рет орындалады. Тасымалдау АН-24 әуе кемесімен жүзеге асырылады. Әуе билетінің құны 17 000 теңгені құрайды.

          2026 жылдың 8 айында «Семей – Үржар – Семей» бағыты бойынша 5527 жолаушы тасымалданды.

          Үржар ауданының көлік қолжетімділігін одан әрі арттыру, азаматтық авиацияны және ауданның туристік әлеуетін дамыту мақсатында Басқарма тарапынан әуе рейстерінің жиілігін арттыру, сондай-ақ әуе тасымалдаушылармен әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Жолаушылар көлігі
08 сентября 2026
Абай облысының әлеуметтік маңызы бар теміржол маршруттары

Бүгінгі күні Абай облысының аумағында Ақтоғай – Аягөз, Семей – Шар және Семей – Жалаңашкөл әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы жүзеге асырылуда.

2026 жылдың басынан бастап аталған әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары бойынша 22 225 жолаушы тасымалданды.

Оның ішінде:

* Ақтоғай – Аягөз бағыты бойынша – 11 474 жолаушы;
* Семей – Шар бағыты бойынша – 5 091 жолаушы;
* Семей – Жалаңашкөл бағыты бойынша – 5 660 жолаушы.

Әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары Абай облысының елді мекендері арасындағы тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз етіп, халықтың көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жол шаруашылығы
16 июля 2026
Абай облысының жол инфрақұрылымы

Абай облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерінің (бұдан әрі – көше-жол желісі) жалпы ұзындығы 7 862 км құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 1 588 км, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 2 878 км, елді мекендердің көшелері – 3 396 км.

         Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары жоспары аясында жалпы ұзындығы 226 км болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген, оның ішінде:

         облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесінде жалпы ұзындығы 38 км;

         аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 учаскесінде жалпы ұзындығы 108 км;

         елді мекендердің көше-жол желісінің 80 км учаскесінде.

26 мая 2026
Конкурс

Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

  1. Абай облысының әкімдігі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасында 2026 жылдың 26 маусым күні сағат 10.00-де өтетін маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:

Лот № 1

Семей – Қалбатау-Жаңғызтөбе, ұзындығы – 191 км

Лот № 2

Семей – Шемонайха, ұзындығы 125 км

Лот № 3

Семей – Жерновка – Жаңа Шүлбі – Песчанка, ұзындығы – 127 км

Лот № 4

Аягөз – Алматы, ұзындығы – 788 км

Лот № 5

Семей – Өскемен, ұзындығы 218 км

Лот № 6

Семей – Риддер, ұзындығы – 298 км

Лот № 7

Семей – Ескі бекініс, ұзындығы – 17 км

Лот № 8

Семей – Бесқарағай, ұзындығы – 77 км

Лот № 9

Семей – Шульбинск, ұзындығы – 72 км

Лот № 10

Семей – Кайнар, ұзындығы - 275 км

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 11 маусым.
  4. 2026 жылдың 28 мамыр сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін телефон: 35-55-14
10 апреля 2026
Конкурс

 

Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

  1. Абай облысының әкімдігі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасында 2026 жылдың 8 мамыр күні сағат 10.00-де өтетін маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:

Лот № 1

Семей – Қалбатау-Жаңғызтөбе, ұзындығы – 191 км

Лот № 2

Семей – Шемонайха, ұзындығы 125 км

Лот № 3

Семей – Жерновка – Жаңа Шүлбі – Песчанка, ұзындығы – 127 км

Лот № 4

Аягөз – Алматы, ұзындығы – 788 км

Лот № 5

Семей – Өскемен, ұзындығы 218 км

Лот № 6

Семей – Риддер, ұзындығы – 298 км

Лот № 7

Семей – Ескі бекініс, ұзындығы – 17 км

Лот № 8

Семей – Бесқарағай, ұзындығы – 77 км

Лот № 9

Семей – Шульбинск, ұзындығы – 72 км

Лот № 10

Семей – Кайнар, ұзындығы - 275 км

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 23 сәуір.
  4. 2026 жылдың 16 сәуір сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін телефон: 35-55-14
10 февраля 2026
Абай облысында әуе қатынасы желісі кеңеюде
10 февраля 2026
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
10 февраля 2026
Абай облысында көпірлерді салу және реконструкциялау бойынша ірі жобалар іске асырылуда
10 февраля 2026
2026 жылы өңірдің автожол саласын дамытуға жергілікті маңызы бар жолдарға 20,8 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы