Меню

Страницы

Статья

Сапаға бетбұрыс: Абай облысында жүздеген шақырым жолдар жаңартылуда

Абай облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 6 831,8 км. Оның ішінде екі мың шақырымнан астамы – республикалық маңыздағы жолдар, бір жарым мың шақырымнан астамы – облыстық деңгейдегі жолдар, ал үш мың шақырымнан астамы – аудандық маңыздағы жолдарға тиесілі.

2025 жылы өңір жол желісін ауқымды жаңартуға басымдық беріп отыр. Жергілікті маңыздағы жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге және дамытуға жалпы ұзындығы 400 шақырымды құрайтын жұмыстар басталып кетті.

Басты бағыттардың қатарында – Семей қаласындағы автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді қайта құру, Курчатов қаласындағы жол инфрақұрылымын жаңарту, Ақсуат ауданындағы Тебиске өзенінен өтетін көпірді қалпына келтіру, сондай-ақ Аягөз қаласындағы Барақ батыр көшесіндегі көпірдің құрылысын аяқтау бар.

Жалпы сипаттағы трансферттер аясында да айтарлықтай қаражат көзделген. Жергілікті маңыздағы 222,7 км жолға орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ өңірдегі әртүрлі елді мекендердің аудандық жолдарын жаңарту жоспарланған. Бұл ретте 12 түрлі учаске қамтылады.

Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл көшелерін жөндеуге 2,9 млрд теңге бөлінсе, Семей қаласында 55 км қалалық көшені қалпына келтіруге 3,6 млрд теңге бағытталған. Маканшы ауылы мен Аягөз қаласындағы жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 17,1 км құрайды.

Дата публикации
06 мая 2025
Дата обновления
13 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 мая 2025
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ
Ақпарат
14 мая 2025
Семей - Жаланашкөл

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы