Өтініштер бойынша ақпарат

2025 жылдың III тоқсанында «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) заңды және жеке тұлғалардан 111 өтініш түсті.

Басқармада тікелей 60 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралды, оның 19-ы бойынша жағымды әкімшілік акт қабылданды. 1 өтініш бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) нормаларына сәйкес тыңдалу өткізумен ауырлататын акт қабылданды.

Азаматтардың барлық өтініштеріне жауаптар дайындалып, ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес мерзімінде жолданды.

Басқарма ай сайын адамдардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі есептерді, оның ішінде салыстырып тексеру актілерін қалыптастырады және жібереді.

Құзыреті бойынша өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу жоқ.

Дата публикации
20 ноября 2025