2025 жылдың 1 қаңтарынан 17 қыркүйегіне дейінгі кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтер

«Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (әрі қарай – Басқарма) 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығы негізінде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

1) Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру;

2) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру;

3) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу;

4) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау.

2025 жылдың 1 қаңтарынан 17 қыркүйегіне дейінгі кезеңде келесідегідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

- Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру -                                  2 лицензия, 1 лицензияға қосымша берілді.

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру -                                     96 жеке тұлғаға куәлік берілді, 85 жеке тұлғаға бас тартылды. 

- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау – 19 қызмет көрсетілді.

      Басқармамен 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша - 203 қызмет көрсетілді, оның ішінде – 85 жеке тұлғаға негізді бас тартылды.

    Басқарма көрсететін барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған. Яғни, аталған қызметтерді алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен қызметті беруші арасындағы жеке байланыс толығымен алынып тасталған.

Дата публикации
20 ноября 2025