«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (әрі қарай – Басқарма) 2020 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ «Мемлекеттік қызметтер реестрін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметті көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің тізімі: 1. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру. 2. Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру. 3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу. 4. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау.
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін):
Қызмет көрсету процесінің автоматтандырылуы: Басқарма ұсынатын барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы жеке байланыс алынып тасталғанын білдіреді, бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.