«Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (әрі қарай – Басқарма) 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығы негізінде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.
1) Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру;
2) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру;
3) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу;
4) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау.
2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 тамызға дейінгі кезеңде келесідегідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру - 2 лицензия, 4 лицензияға қосымша берілді.
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру 53 жеке тұлғаға куәлік берілді, 32 жеке тұлғаға бас тартылды.
Басқармамен 2 мемлекеттік қызмет түрі бойынша - 91 қызмет көрсетілді, оның ішінде – 32 жеке тұлғаға негізді бас тартылды.
Басқарма көрсететін барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған. Яғни, аталған қызметтерді алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен қызметті беруші арасындағы жеке байланыс толығымен алынып тасталған.