Мемлекеттік қызмет көрсету

«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) төрт мемлекеттік қызмет көрсететінін хабарлайды:

1) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау.

2) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу.

3) Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру.

4) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру.

2023 жыл бойынша келесідегідей мемелекеттік қызметтер көрсетілді:

- Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру бойынша - 6 мемлекеттік қызмет (3 лицензия, 3 лицензияға қосымша) көрсетілді.

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру бойынша –  8 жеке тұлғаға куәлік берілді, 1 жеке тұлғаға - негізді бас тартылды.

          Басқарма 2 мемлекеттік қызмет бойынша жалпы саны – 15 қызмет көрсетті ( оның ішінде 1 жеке тұлғаға негізді бас тартылды).                    

Дата публикации
15 мая 2024