АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ
Қазіргі уақытта ауданаралық (облысішілік қалааралық) және облысаралық қалааралық маршруттар бойынша жолаушыларды автомобильмен тасымалдау бойынша 28 бағыт бар, оның ішінде 14 бағытта қозғалысты жүзеге асырады (6 облысішілік және 8 облысаралық келісімшартыменен), сондай-ақ 4 халықаралық бағытта.
Облысішілік бағыттар-4 740 км
Облысаралық бағыттар - 12 930 км
Халықаралық бағыттар - 2 865 км
Семей қаласының халықаралық автовокзалынан келесідегідей бағыттар бойынша рейстер бар:
Транзиттік бағыттар - 1 879 км
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР МАРШРУТТАРДЫ СУБСИДИЯЛАУ
Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, 28.12.2022 жылғы 12/80-VII «Абай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» мәслихаттың шешімімен 42 қалалық және 4 ауданаралық маршрут әлеуметтік маңызы бар деп танылды.
Жеңілдікпен жол жүру қарастырылған азаматтардың санатын тасымалдауға арналған тасымалдаушылар шығындарын «Smart concept» ЖШС Электрондық билеттеу жүйесі операторының деректеріне және тасымалдаушылардың жолаушылар ағыны туралы есебіне (GPS трекингін қосымша енгізу) сәйкес өтелетін болады.
2022 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына 7 жастан 18 жасқа дейінгі көп балалы және аз қамтылған балаларды тасымалдау және азаматтардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі қызметтерге қаражат бөлінді.
ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ
Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» Заңына сәйкес, мәслихаттың 28.12.2022 жылғы № 12/81-VII шешімімен, ҚР Әділет министрлігінде темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар ауданаралық қатынастар тізбесіне «Семей-Жаланашкөл станциясы» бағыты келісілді.
Бұл пойыз облыс тұрғындары мен Семей қаласының тұрғындары үшін ең қолжетімді (әсіресе халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін) және қауіпсіз көлік түрі болып табылады. «Семей – Жаланашкөлй ауданаралық теміржол көлігінде жол жүру құны-3800 теңгені құрайды.
Субсидиялау көлемі 2015 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының № 167 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі-әдістеме) сәйкес айқындалады.
Әдістемеге сәйкес тасымалдаушының шығыстарына магистральдық теміржол желісін пайдаланушының қызметтері үшін шығыстар, локомотив тарту қызметтері үшін шығыстар, вагондарды жалға беру қызметтері үшін шығыстар және жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығыстары жатады.
2023 жылға арналған есептеу бойынша «Семей қ. - Жаланашкөл станциясы» қатынасымен поездың бір күннен кейін жүруін ескере отырып, поездың құрамы 5 вагонмен, инфляция коэффициентіне ұлғайта отырып қалыптастырылды. Ұзындығы-731 км.
«Бір белдеу, бір жо»" тұжырымдамасы аясында келешекте «Бақты-Аягөз» теміржол жолдарын салу жоспарлануда. Анықтама: учаскенің ұзындығы шамамен 270 км, жобаның болжамды құны 321 млрд. теңге, іске асыру кезеңі 2024-2025 жыл. Бақты станциясы – Аягөз қаласының құрғақ портына арналған орынды анықтау қажет.
Облысаралық бағыттар
Қазіргі уақытта Семей-Қызылорда, Павлодар-Алматы, Семей-Маңғыстау, Өскемен-Астана, Өскемен-Алматы, Семей-Алматы, Семей-Астана, Семей-Қарағанды бағыттары бойынша 8 жұп жолаушылар пойызы бар.
ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ
Субсидияланатын Семей – Үржар – Семей авиамаршруты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес авиарейстерге қызмет көрсетуге арналған конкурсты жыл сайын ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті өткізеді.
«Оңтүстік аспан» Авиакомпаниясы» АҚ болжамды өсуді ескере отырып, рейстерді орындайды.
– «Семей-Үржар» авиабилеттерінің құны 12 000 теңге;
- рейстерді орындау жиілігі-аптасына 2-ден 3-ке дейін, қаңтар мен желтоқсан аралығында.
Маршруттың пайдалану қашықтығы - 401 км.