Ақылы жол туралы

Абай облысының әкімдігі


Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті ағымдағы жылғы қазан айынан бастап жүру бөлігін кеңейте отырып реконструкциядан өткен және/немесе жол төсемінің жай-күйін жақсарту бойынша жөндеу жұмыстарын орындалған II және III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде жүк көлік құралдары үшін ақы алуды енгізу жүзеге асырылатынын хабарлайды:
- «Көкшетау - Петропавловск»;
- «Павлодар - Семей - Қалбатау»;
- «Павлодар - Омск»;
- «Орал - Самара»;
- «Орал - Саратов»;
- «Бейнеу - Ақжігіт».
Аталған шаралардың мақсаты нормативтік күтіп ұстауды қамтамасыз ету және ақылы автожолдарды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке қаржылық қысымды барынша азайту болып табылады.


Төраға орынбасары А. Беков

 

 

 


Орын.: А. Әбішев Тел.:75-46-43
ab.abishev@miid.gov.kz

 

Дата публикации
09 октября 2023