мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы

3 мамырдағы № 887 жарлығы, Абай облысы мәслихатының 05 шілдесігі

2022 жылғы № 2/10-VII «Абай облысын басқару схемасы туралы» шешімі, Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 5 «Абай облысы мемлекеттік мекемелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы» қаулысы негізінде «Абай облысының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының» ММ құрылды

Басқарма төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау.

2) 2) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу.

3) 3) Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру.

4) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру.

Дата публикации
10 апреля 2023