«Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (әрі қарай – Басқарма) 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығы негізінде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.
1)Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру;
2)Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру;
3)Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу;
4)Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау.
2026 жылдың 1 қаңтарынан 29 қыркүйекке дейінгі кезеңде келесідегідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру - 4 лицензия берілді, бір жеке тұлғаға лицензия беруден негізді түрде бас тартылды.
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру -50 жеке тұлғаға куәлік берілді, 18 жеке тұлғаға негізді бас тартылды.
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша – 56 қызмет көрсетілді.
Жалпы Басқармамен 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша - 129 қызмет көрсетілді, оның ішінде – 19 жеке тұлғаға негізді бас тартылды.
Басқарма көрсететін барлық қызметтер автоматтандырылған.