Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жолаушылар көлігі

Жолаушылар көлігі бөлімі "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және облыс аумағында жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

Облысішілік және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын уақтылы әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;

Жетекшілік ететін салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды, жобалық кеңселерді, басқа да бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға бағытталған жұмысты жүзеге асырады;

Автобустардың, шағын автобустардың, теміржол көлігінің, әуе көлігінің белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Жолаушылар мен багажды автомобиль, теміржол, әуе және су көлігімен тасымалдаудың көлік процесін жетілдіру және дамыту бойынша облыс тасымалдаушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

Құзыреті шегінде тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді уақтылы әзірлеуді және тапсыруды қамтамасыз етеді;

Жергілікті бюджеттен субсидиялау көлемі бойынша ұсыныстар енгізеді;

Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар мен багажды теміржолмен тасымалдауды және конкурстар өткізу арқылы жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыруға қатысады;

Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысішілік автомобиль тасымалдарына қызмет көрсету құқығына арналған ашық конкурстарды дайындауға және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін ресімдеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыруға қатысады;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, іске асыру барысы мен олардың орындалуына одан әрі бақылауды жүзеге асырады;

Облыс әкімінің қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда облыс әкімінің орынбасары жанынан жұмыс кеңестерін дайындау, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерінің сақталуын, әкімшілік рәсімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Документы
Есеп
16 июля 2026
Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімі
2026 жылдың 6 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер
Хаттама
08 июля 2026
«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімі
Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу хаттамасы
Хаттама
12 декабря 2025
«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімі
Абай облысы бойынша тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар және багаж автомобиль тасымалдау маршруттарын қызмет көрсетуді жүзеге асыру құқығына конкурс өткізу хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Семей - Жаланашкөл
«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: жетістіктер, жаңалықтар және перспективалар» тақырыбындағы мақала
Медиагалерея
События
09 октября
"Көлік және Логистика" халықаралық көрмесі-TransLogistica Kazakhstan 2024
18 февраля
Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Облыста қоғамдық көлікті дамыту үшін қандай бағдарламалар бар?

Абай облысында қоғамдық көлікті дамыту үшін мынадай бағдарламалар іске асырылуда:

  • жаңа маршруттарды енгізу және қолданыстағы маршруттарды жақсарту.
  • қоғамдық көлік паркін заманауи және экологиялық таза көліктермен жаңарту.
  • жолаушылар тасымалын бақылау және басқару жүйесін енгізу.
  • аялдамалар мен терминалдарды қоса алғанда, қоғамдық көлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту.

 

Жауап беруші: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы.

Тел.: (7222) 35-55-95, e-mail: zholaushylar_koligi@akimatabai.gov.kz

Автобустармен жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін қандай құжаттар тізімі қажет?

Жолаушыларды автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін құжаттар тізбесі «Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» №5 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауда айқындалады..

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде:

 

1) Мемлекеттік корпорацияға:

- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

·          лицензия алу үшін ЗТ өтініші немесе лицензия алу үшін ЖТ өтініші;

·         ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

·         ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері; - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

·         лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші;

·         ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; - лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

·         ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

 

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін  қызметті  алушыға  қайтарады.

2) порталға:

- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

·         көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

·         ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

·         көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

- лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

·         көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

 

Өтінішті қабылдау және нәтижені беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
  • «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, elicense.kz.

 

Жауап: жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы.

Тел.: (7222) 35-55-95, e-mail: zholaushylar_koligi@akimatabai.gov.kz

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы