Ахметов Бейбит Махсутович 1983 жылғы 31 шілдеде Тарбағатай ауданында, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде, сондай-ақ Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Жаңасемей ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс секторының меңгерушісі қызметін атқарған.