Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы объектілердің операторлары болып табылатын кәсіпорындарға 2025 жыл қорытындысы бойынша Ластағыш заттардың шығарындылары мен тасымалдануының тіркелімі (ЛШКТ) шеңберінде есептілікті ұсыну қажеттігін еске салады.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 22-бабы 8-тармағына сәйкес объектілердің операторлары жыл сайын өткен күнтізбелік жыл үшін есептілікті 1 сәуірден кешіктірмей ұсынуға міндетті.
2025 жылға арналған ЛШКТ бойынша есептілікті ұсынбаған немесе есептілікті толық көлемде ұсынбаған кәсіпорындар қысқа мерзім ішінде толық әрі дұрыс ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етуі қажет.
Есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбау, сондай-ақ толық емес ақпарат ұсыну заңнамада көзделген ден қою шараларының қабылдануына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 327-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғуы мүмкін екеніне назар аударамыз.
Толық әрі дұрыс есептіліктің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
🔊 ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Абай облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру
🔸 2026 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
📍 Кездесу орны: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А, Shakarim University ғимараты.
🕚 Бағдарлама:
08:30–10:00 — азаматтарды жеке қабылдау;
10:00–11:00 — халықпен кездесу;
11:15–11:30 — өңірлік БАҚ-пен брифинг.
⏯️ Кездесу ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми «Facebook» және «YouTube» парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
📌 Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 29 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
📞 Байланыс нөмірі: 8 (778) 592 39 55
📧 Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz
Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз!
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 37-бабына сәйкес, 2024 жылы қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштері (ҚОСМК) бекітілді.
Қазіргі уақытта қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қазіргі уақытта жыл сайынғы мониторинг жүргізілуде. Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, қазіргі таңда жұмыстардың жазғы кезеңі жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 24 шілдеде өңірдегі бекітілген нүктелер бойынша:
Бұл не үшін қажет?
Тұрақты түрде жүргізілетін өлшеулер өңірдегі экологиялық ахуалды жедел бақылауға, ауытқуларды анықтауға және облыста қоршаған орта сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Мониторингтің жазғы кезеңі жалғасуда. Біз өңіріміздің экожүйесінің жай-күйін мұқият бақылап отырмыз!
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Абай облысында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, қалдықтарды басқару және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Абай облысында да бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Өңірімізде сенбіліктер, ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту және түрлі экологиялық акциялар тұрақты ұйымдастырылуда. Бұл – табиғатты қорғау бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетеді.
Биыл 4 сәуір мен 30 мамыр аралығында облыстың барлық елді мекендерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 233 мыңнан астам тұрғын қатысып, 21 272 аула, 523 саябақ пен сквер тазартылып, 25 559 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Мерекелік іс-шараға білім ордасының студенттері, жастар, қоғам белсенділері, еріктілер қатысты.
Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау саласының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталып, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Алғыс хаттары табысталды.
Институт тұрғындардың өз қалаларындағы өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқат деңгейі туралы шынайы пікірін білу үшін ауқымды онлайн-сауалнама жүргізеді.
📅 Қашан: 2026 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында.
🎯 Мақсаты: тұрғындардың әділ пікірін жинап, өңірдің қай салалары ең бірінші кезекте қолдау мен дамуды қажет ететінін анықтау.
Сіздің дауысыңыз — бұл өлкеміздің болашағы мен оның даму деңгейін объективті бағалауға қосылған үлес. Биодағы сілтеме арқылы өтіп, сауалнамадан өтіңіз! Өзгерістер сіздің пікіріңізден басталады. 👇
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScE3rs15fUYWcSrdG5eoI9p3K6p2iV0sFnKQnFrb-Jkqktf4g/viewform
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 76-1) – тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. «Жануарлар дүниесі обьектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындарымен мерзімдерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. 2025 жылы балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2025 жылғы 25 сәуірден 2025 жылғы 16 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін. 2. Балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын-алу мақсатында, Алакөл балық инспекциясы және балық шаруашылығы бөлімінің бөлім басшылары төменгідей шаралар атқарсын: 2.1. 2025 жылдың 14 сәуіріне дейін осы бұйрықты Алакөл көлдер жүйесінің балық аулау мекемелерінің басшыларына жеткізсін. 2.2 Балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын-алу мақсатында, Алакөл көлдер жүйесінің балық шаруашылығы субъектілерімен балық аулау құралдарын жағаға шығарып, жүзу құралдарын олардың тіркелген орындарына (балық
қабылдау пункттері, жағалау сызығы) шығаруды қамтамасыз етсін.
2.3. 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін бұқаралық ақпараттар құралдарына
балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде,
табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы мақалалар
жариялануын қамтамасыз етсін.
2.4. Инспекция бөлімдерінің инспекторлық құрамы қолданыстағы заңнама
шеңберінде жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында барлық жүзу құралдарын
балық, олардың өнімдерінің және балық аулау құралдарын заңсыз тасымалдау
фактілерін тексерсін.
2.5. Жеке меншігінде жүзу көлік құралдары бар заңды және жеке тұлғаларға
осы су айдындарында кемелердің кез келген маршруттарын міндетті түрде
Инспекциямен келісілуі қажет екендігі туралы хабарлансын.
2.6. Осы бұйрықтың орындалуы Алакөл балық инспекциясы бөлімінің және
балық шаруашылығы бөлімінің басшыларына жүктелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Негізгі: «Балық шаруашылығы ғылыми-өндрістік орталығы» ЖШС-нің
2025 жылғы 7 cәуірдегі № 1-7/208 хатымен жолданған ұсынымы.
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы шеңберінде және біздің елді мекендердің аумақтарында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша санитарлық-экологиялық екі айлық жарияланады.
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 5 сәуірден 30 мамырға дейін
Мақсаттар:
- Аумақтарды қоқыстардан тазарту
- Абаттандыру және көгалдандыру
- Азаматтар арасында экомәдениет деңгейін арттыру
Не маңызды:
Барлық ұйымдарға, мекемелерге және кәсіпорындарға осы іс-шараға қатысуға, өз аумақтары мен іргелес учаскелерін ретке келтіруге кеңес беріледі.
Біздің қаланы таза және жасыл етейік!
Бізге қосылыңыз және Абай облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесіңіз!
Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30 -дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша “Жер сағаты” акциясы басталады.
Бұл уақыт-әлемнің түрлі елдерінен миллиондаған адам 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіреді,мыңдаған архитектуралық ескерткіштердің жарықтандыруы сөндіріледі.
Барлықтарыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз!