
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, ормандылықты арттыру және флора мен фауна түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, халықтың қолайлы, қауіпсіз және жайлы өмір сүруі үшін негіз ретінде қоршаған орта сапасын жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
Экологиялық кодекске және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес Басқарма мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1.II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру 30 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы 15 жұмыс күні. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күні.
Бүгінгі күні басқармамен 449 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 48-ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру, 62-ІІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы, жануарлар дүниесін пайдалануға 259 рұқсат беру, оның ішінде:
1) аңшылық-61
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау) – 198.
Жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттар бойынша бюджетке 14 млн. теңгеден астам қаражат түсті.
Сонымен қатар, Басқарма қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Жыл басынан бері 203 қоғамдық тыңдау өткізілді, оның ішінде ашық жиналыс нысанында 116, жария талқылау нысанында 71, оған шамамен 2320 адам, оның ішінде Абай облысының қоғам белсенділері қатысты.
Қоғамдық талқылаулар мен тыңдаулар – бұл азаматтардың мүдделерін қозғайтын өзекті және күрделі шешілетін қоғамдық маңызды мәселелерге кең қоғамдық назар аударуға бағытталған қоғамдық бақылау нысаны.
Қоғамдық тыңдаулар тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға қатысқысы келетін кез келген адамдар үшін ашық болып табылады. Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесінде оларға қатысатын кез келген адам қоғамдық тыңдауларды өткізудің белгіленген регламентіне сәйкес ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға құқылы.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде бұзушылықтар анықталған жоқ, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша консультациялар алу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8(747)353-32-10, 8(777)749-63-01