
2022 жылғы 16 қарашада «Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ экологиялық сараптама және реттеу бөлімінде жобалау ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында экологиялық сараптаманың қарауына құжаттарды дайындау және тапсыру және қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат беру мәселелері қаралды.