Меню

Страницы

Статья

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының «Қаражал» КБК кенішіне қатысты төмендегі құжаттар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі: «Қаражал» КБК кенішіне арналған атмосфераға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің (ЖШШ) жобасы; «Қаражал» КБК кенішіне арналған жол берілетін төгінділер нормативтерінің (ЖТН) жобасы; «Қаражал» КБК кенішіне арналған қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ); «Қаражал» КБК кенішіне арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭБ); «Қаражал» КБК кенішіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Хабарландыру

«Үлбі металлургиялық зауыты» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 96-бабына сәйкес, 2026 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-де келесі мекенжайда: Абай облысы, Абай ауданы, Саржал ауылдық округі, Саржал ауылы, Жумагайши Жакиной 32 көшесі (Мәдениет үйі). ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы: жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Қоғамдық тыңдауларды өткізудің негізі: “Үлбі металлургиялық зауыты” акционерлік қоғамы үшін 2027–2029 жылдарға арналған қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алу шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу (I санаттағы нысан үшін). Өндірістік нысанның атауы: «Қаражал кенішін».
Тіркеу қатысушылардың жеке куәліктері бойынша қоғамдық тыңдау басталғанға дейін 1 сағат бұрын жүзеге асырылады (жеке куәлікті өзіңізбен бірге алып келу қажет).
Қосылу тәсілдері туралы ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8-777-996-03-66.
Жобалық құжаттама пакетімен Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі сайтында, сондай-ақ ЖАО «https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-tabigat» сайтында танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі сайтында, сондай-ақ uprirp.abay@akimatabai.gov.kz қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі.
Белсенді сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/7470365453?pwd=lbTgyOo4MqUyLqNqfl9cSurarOSY3m.1&omn=74818339497
Конференция идентификаторы: 747 036 5453.
Кіру коды: R0jzx0.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады:
- vko@ecoservice.kz және 8-777-996-03-66 (whatsapp) телефондары бойынша немесе мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 202а, 408-кеңсе («Экосервис-С» ЖШС).
Тапсырыс беруші: “ Үлбі металлургиялық зауыты ” Акционерлік қоғамы
БСН: 941040000097, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 070005, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 102, +7(723)-229-81-23, электрондық пошта: mail@ulba.kz.
Жобалаушы және Орындаушы: “ЭКОСЕРВИС-С” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., БСН 020140000105, Алматы қ., Төле би көшесі, 202а, 408-кеңсе, тел.: 8-777-996-03-66 (WhatsApp), +7 (7232) 75-26-76, +7 (727) 250-34-08.
Жергілікті атқарушы орган: «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, мекенжайы: Семей қ., Турлыханова көшесі, 30, тел.: 8 (7222) 35-44-32, эл. пошта: uprirp.abay@akimatabai.gov.kz.
Әсер ету аумағы: Қаражал кенішін - Абай облысы, Абай ауданы, Сарыжал а. о., Сарыжал а.
Жоспарланып отырған қызмет нысанының географиялық координаттары:
49°52'6.60"С 78°1'36.44"В, 49°52'11.63"С 78°1'39.77"В, 49°52'1.58"С 78°2'2.63"В, 49°51'55.60"С 78°2'25.73"В, 49°51'47.58"С 78°2'49.29"В, 49°51'40.61"С 78°2'44.58"В, 49°51'39.57"С 78°2'29.90"В, 49°51'50.62"С 78°2'4.64"В, 49°52'6.65"С 78°1'36.37"В.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары: Саржал ауылы 49°36'02.23" с.ш. 78°44'17.72" в.д.

Қоғамдық тыңдаулар бойынша материалдар Сақтау

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы Сақтау

Қоғамдық тыңдаулардың бейне және аудио жазбаларына сілтеме https://youtu.be/8-MyyTGKN68 

 

Дата публикации
01 октября 2026
Дата обновления
08 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Жаңа жобалар құрылысы дирекциясы» филиалының «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу («Қазақстан-Қытай шекарасында Семей – Ақтоғай қолданыстағы теміржол учаскесіне шығатын үшінші шекаралық теміржол өткелін салу») жобасына енгізілген түзету бойынша қорытынды
19 октября 2026
15.10.2026 ж. № KZ27RYS01963650 жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш, «TANGSHOLPAN» ЖШС – «Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Приречный ауылдық округі, Приречное ауылы, Таңшолпан учаскесі, 1-учаске мекенжайы бойынша Қаражыра кен орнының көмірін (престелген отын) пайдалана отырып, туннельді пеште күйдіру арқылы пластикалық қалыптау әдісімен ГОСТ 530-2012 стандартына сәйкес керамикалық кірпіш өндіру зауытын салу және пайдалану»
19 октября 2026
15.10.2026 ж. № KZ43RYS01964720 жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш, «СтройИнертГрупп» ЖШС – «„СтройИнертГрупп“ ЖШС учаскесінде ұсақтау-сұрыптау кешенін орнату және пайдалану»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы