Анықтама
атқарылған жұмыс туралы 2026 ж
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» КММ 03.01.2026 – 29.09.2026 жылғы Абай облысының ПД Жергілікті полиция басқармасы және Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлерімен 440 бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд өткізу кезеңінде 28 заң бұзушылық анықталды.
3 – қылмыстық іс;
12 – шешім шығару үшін сотқа жіберілген хаттамалар;
13 – ӘҚБтК-сі бойынша
ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу. (2 хат. ескерту және айыппұл- 0 тг).
ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі балық аулау ережелерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережелерін бұзу. (10 хатт. айыппұл- 216 250 тг).
ӘҚБтК-нің 383бабы 3-бөлігі - тиым салынған мерзімдерде, тиым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқада түрлерін өрескел бұзу. (12 хат. қытай ауы айыппұл- 666 050тг ) ұсталған жері Жайсан көл, Алакөл көлі және Ертіс өзені, хаттама толтырған Көкпекті, Үржар және Семей экипаждары.
ҚР ҚК-сі 335- бабы 3- бөлігі 2, 5-тармағы балық ресурстарын, басқа да су жануарларын өнімдерін заңсыз өндіру.(287 кг балық тәркіленді, залал сомасы – 1 748 563 тг ұсталған жері Көкпекті ауданы, Үшкөмей ауылынан Тассай ауылының жолында, Көкпекті экипажы ұстаған)
ҚР ҚК-сі 335- бабы 3- бөлігі 4-тармағы балық ресурстарын, басқа да су жануарларын өнімдерін заңсыз өндіру.(резиналық қайық, 2-ескек, 2- қытай ауы әртүрлі балық түрлері тәркіленді, залал сомасы – 484 292 тг ұсталған жері Көкпекті ауданы Зайсан көлі Моцко участок, Көкпекті экипажы ұстаған)
ҚР ҚК-сі 335 бабы 1- бөлігі 1-тармағы балық ресурстарын, басқа да су жануарларын өнімдерін заңсыз өндіру. ( 125 кг әртүрлі балық түрлері тәркіленді, залал сомасы – 1 497 963 тг ұсталған жері Ақсуат ауданы Зайсан көлі Ақсуат экипажы ұстаған)
ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу (оның ішінде рұқсаты бар қаруды заңсыз/дұрыс сақтамау) жағдайларын реттейді, (1 хат заңсыз қару сақтау айыппұл – 0 тг)
ұсталған жері Қалбатау ауылдық округіне қарасыты «Шаянды» өзені маңында Жарма экипажы ұстаған (бірлескен рейд).
Биылғы жылы қардың қалың түскен аудандарда Үржар, Кокпекті, Ақсуат, Жарма, Аягөз, Абай, Бесқарағай аудандарында жабайы жануарларды қолдан азықтандыру үшін жем-шөп төсеу бойынша ісшара жұмыстары өткізілді.
Мұздың қалың қатып қалған жерлері, арнайы құралдармен тесіп, суға ауа (оттегі) деңгейінің төмендеуіне байланысты балықтардың қатып қалуын болдырмау рейдтік іс-шаралар жүргізілді.(Үржар аудан Алакөл көлі Бескопа телімі және Бесқарағай ауданы Кривое көліне).
Көкпекті балық инспекциясы мамандарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде, Жайсан көлінің жыл көлемі балық аулауға тыйым салынған аймағынан 116 дана синтетикалық моноталшықтан жасалған, заңсыз орнатылған аулар алынып, ауға түскен балықтар суға тірідей жіберілді. Аулар Тассай ауылында орналасқан Балық инспекциясының ғимаратында сақтауда тұр.
Балық шаруашылығы бойынша айыппұл – 882 300 тг
Балық шаруашылығы бойынша келтірген залал сомасы – 3 730 818 тг
Аң аулау бойынша келтірген залал – 0тг. Аң аулау бойынша айыппұл сомасы – 0тг
Жалпы шығын мен айыппұл сомасы – 4 613 118 тг