Хабарландыру
«Ист Каз Аллойз (East Kaz Alloys)» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 13 шілде күні Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 119, әкімдік ғимаратында келесі жобалар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды:
-сағат 10:30-да – «Абай облысындағы Сабурхан-2 учаскесінде хром кендері мен ілеспе компоненттерді барлау жоспары. РЕШН, ӨЭББ, ҚББ, ІсЖ, КОРБ» жұмыс жобасына арналған «Ықтимал әсерлер туралы есеп»;
сағат 11:30-да – «Шығыс Қазақстан облысындағы Сабурхан-3 учаскесінде хром кендері мен ілеспе компоненттерді барлау жоспары. РЕШН, ӨЭББ, ҚББ, ІсЖ, КОРБ» жұмыс жобасына арналған «Ықтимал әсерлер туралы есеп».
Жобалық құжаттама пакетімен Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі сайтында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-tabigat;
Барлық ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей «ҚОӘБ және ПР» ақпараттық жүйесінде (https://hearings.ndbecology.gov.kz/), сондай-ақ uprirp.abay@akimatabai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Қоғамдық тыңдауларға қатысуға арналған белсенді сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/9168292148?pwd=QXhkdWgwOHUvNG1kN0lUUmtjb1ZWdz09немесе конференция идентификаторы: 916 829 2148 Кіру коды: 6n71D5.
Қосымша ақпаратты ecoproject.company@bk.ru электрондық поштасы және +7 (702) 557 40 58 телефоны арқылы алуға болады.
Жоспарланып отырған қызметтің операторы: «Ист Каз Аллойз (East Kaz Alloys)» ЖШС, БСН: 201240028853, 070600, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 ғимарат, тел.: 8-701-150-89-06.
Жобаны әзірлеуші: «Eco Project Company» ЖШС, БСН: 200540023731, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Тургенев көшесі, 3В, тел.: +7 (702) 557 40 58.
Әсер ету аумағы: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылы. 49°19'37.39" с.е. 81°34'16.66" ш.б.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары:
Сабурхан-2 учаскесі – 49°32'9.39" с.е. 81°31'43.07" ш.б.;
Сабурхан-3 учаскесі – 49°22'15.52" с.е. 81°42'54.56" ш.б.
Қоғамдық тыңдаулар бойынша материалдар сақтау
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы сақтау
Қоғамдық тыңдаулардың бейне және аудио жазбаларына сілтеме https://youtu.be/6ME_OQ-F9BA