2025 жылы Абай облысы бойынша Экология департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты 8 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 6 988 217 теңгені құрайтын 9 әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта аталған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде мемлекет кірісіне өндірілді.