Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Абай облысы мәслихатының шешіміне қосымшасында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».
1) осы шешім қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
Абай облысы маслихатының төрағасы Ш. Байбеков