Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.

Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;
  • «Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;
  • егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Дата публикации
30 сентября 2025
Дата обновления
30 сентября 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Жаңа жобалар құрылысы дирекциясы» филиалының «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу («Қазақстан-Қытай шекарасында Семей – Ақтоғай қолданыстағы теміржол учаскесіне шығатын үшінші шекаралық теміржол өткелін салу») жобасына енгізілген түзету бойынша қорытынды
19 октября 2026
15.10.2026 ж. № KZ27RYS01963650 жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш, «TANGSHOLPAN» ЖШС – «Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Приречный ауылдық округі, Приречное ауылы, Таңшолпан учаскесі, 1-учаске мекенжайы бойынша Қаражыра кен орнының көмірін (престелген отын) пайдалана отырып, туннельді пеште күйдіру арқылы пластикалық қалыптау әдісімен ГОСТ 530-2012 стандартына сәйкес керамикалық кірпіш өндіру зауытын салу және пайдалану»
19 октября 2026
15.10.2026 ж. № KZ43RYS01964720 жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш, «СтройИнертГрупп» ЖШС – «„СтройИнертГрупп“ ЖШС учаскесінде ұсақтау-сұрыптау кешенін орнату және пайдалану»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы