2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Экология жане табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шарбиев пен Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Садыр Е.Ә. өңір тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар өңірдің экологиялық жағдайына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, тиісті сұрақтар қойды.