Қазіргі уақытта, үлкен суқұзғын реттелетін жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы» Заңының 45-бабына сәйкес, жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздеме негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, үлкен суқұзғын санының 3010 дарасын реттеу көзделген биологиялық негіздеме дайындалды.
Сонымен қатар, үлкен суқұзғыны санын реттеуге рұқсат беру Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен бекітілген «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Үлкен суқұзғын санының реттелуі тиісті рұқсаттар негізінде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 480 бұйрығымен бекітілген жануарлар санын реттеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.