2025 жылғы 27 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиев Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесудің мекен-жайы: «Семей медицина университеті» КЕАҚ ғимараты, Семей қаласы, Абай көшесі, 103.
09:00 – 10:00 - азаматтарды жеке қабылдау;
10:00 – 11:30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
11:30 – 12:00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 26 маусымға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (778) 592-39-55 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
📧 Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz
Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!