Ереже
суды үнемдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалану бөлімі туралы
Жалпы ережелер
Су үнемдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалану бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Негізгі міндеттер:
су объектілерін мемлекеттік реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Су шаруашылығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Функциялар:
1) бассейндік су шаруашылығы басқармасының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша су қорғау аймақтарын, белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
2) бассейндік су шаруашылығы басқармасының келісімі бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
3) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) суды ұтымды пайдалану және су объектілерін қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;
5) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;
6) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;
7) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде судың жай-күйіне, сондай-ақ құрылыс, түбін тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргізу жағдайларына әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды келіседі, қабылдауды және пайдалануға беруді жүзеге асырады;
8) облыс аумағында су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
9) су шаруашылығы құрылыстарының аварияларының салдарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
10) бассейндік кеңестер мен бассейндік келісімдердің жұмысына қатысады;
11) су үнемдеу мәселелері бойынша мониторинг пен үйлестіруді жүзеге асырады.
Құқықтары мен міндеттері:
1) табиғат қорғау, су қорғау заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ азаматтарды тыңдауға;
2) су ресурстарын қорғау және оларды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
3) өз қызметі туралы ақпаратты таратуға міндетті;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес су ресурстарын, табиғат қорғау бағдарламаларын пайдалануды және қорғауды реттеу мәселелері бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
5) табиғи ресурстарды қорғау және оларды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан статистикалық және басқа да қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
6) меншік нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдар мен басқа да объектілерге баруға құқылы;
7) табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ азаматтарды тыңдауға міндетті.
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі және олардың Басқарма басшылығының лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын орындауын бақылайды, бөлімнің жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімдегі кадр мәселелерін шешу, Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Басқарма басшысы берген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Бөлімді басқарма басшысы қайта ұйымдастырады, ал облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес таратылады.