Меню
Страницы
Статья
Жануарлар әлемі
- Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өздеріне ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2. жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
3. аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекіту және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін сервитуттар белгілеу жөнінде шешімдер дайындайды;
4. бекітілмеген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде Жануарларға ауырған, олардың өлу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
5. аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарын бекіту бойынша конкурстар өткізеді;
6. аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7. резервтік қорда балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
8. ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
9. екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерінде ғылыми-зерттеу аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;
10. Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Дата публикации
06 ноября 2023
Дата обновления
06 ноября 2023
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал