Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 125-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының
8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
  • осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.
  1. «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы
    1 маусымдағы № 104 қаулысының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-18 болып тіркелген қаулысының) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысының әкімі                                                                  Б. Уәли

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрлігі Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

бассейіндік инспекциясы» РММ-нің басшысы

____________________ С. Мейрамбеков

2025 жылғы «_____» _____________

 

 

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану

 комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау

және пайдаланужөніндегі Ертіс бассейіндік

инспекциясы» РММ-нің басшысы

____________________ М. Жәдігер ұлы

2025 жылғы «_____» _____________

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрлігінің Абай облысы бойынша

экология департаментінің басшысы

____________________ С. Сарбасов

2025 жылғы «_____» _____________

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

комитетінің Абай облысы бойынша

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысы

____________________ Н. Ноғайбаев

2025 жылғы «_____» _____________

 

Дата публикации
29 июля 2025