Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысы әкімдігінің «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» 2023 жылғы 1 маусымдағы
    № 104 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының  қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысының әкімі                                                         Б. Уәли

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрлігі Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

бассейндік инспекциясы» РММ-нің басшысы

____________________ С. Мейрамбеков

2025 жылғы «_____» _____________

 

 

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану

 комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау

және пайдаланужөніндегі Ертіс бассейндік

инспекциясы» РММ-нің басшысы

____________________ М. Жәдігер ұлы

2025 жылғы «_____» _____________

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрлігінің Абай облысы бойынша

экология департаментінің басшысы

____________________ С. Сарбасов

2025 жылғы «_____» _____________

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

комитетінің Абай облысы бойынша

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысының м.а.

____________________ Н. Ногайбаев

2025 жылғы «_____» _____________

 

Дата публикации
20 февраля 2025