Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына,
65-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11434) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысы

мәслихатының төрағасы                                                            Қ. Сүлейменов

 

 

 

Дата публикации
27 ноября 2024