Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2024 жылғы 11 қарашадан 25 қарашаға дейін «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің ресми интернет-ресурсында мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын алу мақсатында «Абай облысы үшін 2025–2029 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» жобасы орналастырылғанын хабарлайды

«Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Абай облысы үшін 2025–2029 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық талқылаулар 2024 жылғы 25 қарашада сағат 11:00-де өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-да басталады.

Қоғамдық талқылаулар өтетін орын: Семей қаласы, Қалалық мәдениет сарайы, Момышұлы көшесі, 43.

Жобаның тапсырыс берушісі – «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Заңды мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Тұрлыханов көшесі, 30.

Байланыс телефондары: +7 (7222) 35 44 32, +7 (707) 751 45 58.

Жоба бойынша құжаттама жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында «Қызмет» – «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» айдарында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:

Қоғамдық талқылауға шығарылған құжаттар бойынша қағаз немесе электрондық нысандағы ескертулер мен ұсыныстар, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салулар «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Тұрлыханов көшесі, 30.

Сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды келесі электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады: prirodnyye_resursy_obl.abay@mail.ru.

Байланыс телефоны: +7 (777) 980 57 37.

Разработчик проекта - ТОО «РНПИЦ «Казэкология», Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Айтеке би, 27, тел./факс: +7 (727) 291-78-14, электронная почта: kazecology.kz@gmail.com, www.kazecology.kz

Дата публикации
11 ноября 2024