Абай облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының
2-тармағына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының
5-8) тармақшасына сәйкес, су объектілерін балық аулау үшін пайдалану мақсатында, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Әкімдіктің осы қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысының әкімі                                                       Н. Ұранхаев

Дата публикации
22 декабря 2023