«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 123 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабының 2 тармағына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабы 2 - тармағының 11) тармақшасына,«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 қаулысына сәйкес, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ерекше күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету үшін, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінен ені кемінде екі километр, жалпы ауданы 267 431,5280 гектар жеручаскелерін алып қоюсыз оның ішінде:

«Тарбағатай таулары» учаскесінде - 176 471,23 гектар, оның ішінде Үржар ауданының аумағында - 143 682,73 гектар, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан - 119 510,28 гектар, қордағы жерлер - 17 706,77 гектар, елді мекендердің жерлері - 6 465,68 гектар, Аягөз ауданының аумағында - 11 668,6 гектар, оның ішінде: жер пайдаланушылармен қамтылған - 5 793,1 гектар, қордағы жерлер - 5 875,5 гектар, Ақсуат ауданының аумағында - 21 119,9 гектарды құрайды, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан - 12 381,2 гектар, қордағы жерлер - 8 323,5 гектар, елді мекендердегі жерлер - 415,2 гектар;

Үржар ауданының аумағында орналасқан «Арқалы тауы» учаскесінде - 22 417,6580 гектар, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан - 9 638,975 гектар, қордағы жерлер - 10 623,2823 гектар, елді мекендердің жерлері - 2155,4 гектар;

Үржар ауданының аумағында орналасқан «Қарабас» учаскесінде - 16 847,71 гектар, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан - 12 933,79 гектар, қордағы жер - 3 913,92 гектар;

Үржар ауданының аумағында орналасқан «Қатынсу өзені алқабы» учаскесінде - 22 161,03 гектар, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан - 12 647,0490 гектар, қордағы жерлер – 63 13,0142 гектар, елді мекендердің жерлері - 2 953,5368 гектар, Алакөл көлі - 247,43 гектар;

Үржар ауданының аумағында орналасқан «Үржар өзені алқабы» учаскесінде - 15 467,8 гектар, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан
-12 539,7 гектар, қордағы жер - 2928,1 гектар;

Үржар ауданының аумағында орналасқан «Эмель өзені алқабы» учаскесінде - 14 066,1 гектарды құрайды, оның ішінде: жер пайдаланушылар алып жатқан - 10 275,8534 гектар, қордағы жерлер - 3 692,4466 гектар, елді мекендердің жерлері - 97,8 гектар;

2) «Орман шаруашылығы комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің осы қаулының қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады белгіленсін.

  1. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай обласының әкімі                                                      Н. Ұранхаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысы әкімдігінің

2023 жылғы «__» ______

№___ қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағындағы табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі

 

  1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 заңы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.
  2. 2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

3) осы Заңның 84-2-бабының 2 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

4) аң аулауға;

5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

  1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) орман шаруашылығы қызметі;

2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

4. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймағында осы қосымшаның 2 тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

Дата публикации
28 сентября 2023