Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы жоспарды орындау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар жоспарды орындаудың белгіленген мерзімде «Абай облысы мәслихатының аппараты» ММ-не атқарған жұмыстары бойынша ақпарат беру ұсынылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай облысы мәслихатының агроөнеркәсіптік кешенді және экологияны дамыту саласындағы тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Абай облысы мәслихатының

төрағасы                                                                              К. Сулейменов

 

 

 

Дата публикации
27 сентября 2023