Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысы әкімдігінің «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының  қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысының әкімі                                                         Н. Ұранхаев

Дата публикации
13 сентября 2023