Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабының
11) тармақшасына, 63-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңның 27-бабының 2-тармағына, «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жыл сайын орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде өрт қауіпті маусымда болуына тыйым салынсын.».
1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев