Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 1-абзацының
2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Абай облысның әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев