"Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Абай облысының аумағында орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өзге де объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Басқарма үш Мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 1 "жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" қызметі ақылы негізде көрсетіледі.
2022 жылы (қараша-желтоқсан) 41 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- "II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру" - 6 қызмет
-"Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" - 9 қызмет
- "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" - 26 қызмет
Мемлекеттік қызметтер "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы"ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетіледі
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-3:
-"Экологиялық рұқсат беру ережесі II санаттағы объектілерге әсер ету" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығымен бекітілген
- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен бекітілген" Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру қағидалары"
-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген" жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы";
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Басқармада ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет "жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" болып табылады, оның үлесі жалпы санының 63% -. құрайды.
2 Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан – "Электрондық үкімет" веб-порталынан алуға болады - www.elisense.kz, сондай-ақ (8-7222) 35-45-35 телефондары бойынша.
Есепті кезеңде оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін талқылауға шығарылған мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары болған жоқ.
Басқармада және ведомстволық бағынысты мекемелерде құрылған ресми интернет ресурстарда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-tabigat/about?lang=ru. Facebook, Instagram-да халық арасында жануарлар дүниесі, орман шаруашылығы және экология саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру үшін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті ақпарат пен көзделген жұмыс тұрақты орналастырылады, өткізілетін іс-шаралар жарияланады.
Басқармада көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар жануарлар дүниесі, орман шаруашылығы және экология саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы консультациялық-түсіндіру жұмыстарын құзыретті жүргізеді.
Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті берушілердің немесе лауазымды тұлғалардың қызметіне шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тартулар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдері мен тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда.
Абай облысы әкімдігінің
табиғатты пайдалануды реттеу
және табиғи ресурстар басқармасының
басшысы Д. Тоқтыбаев