Абай облысының «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Абай облысы аумағында орман, аңшылық, балық шаруашылығы, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өзге де объектілері саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Басқарма үш мемлекеттік қызметті көрсетеді, оның ішінде 1 қызмет – «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» ақылы негізде көрсетіледі.
2022 жылы (қараша–желтоқсан) 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген нормативтік-құқықтық актілер саны – 3:
Басқармадағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет – «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру», оның үлесі жалпы көрсетілген қызметтердің 63%-ын құрайды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты қызмет берушінің интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-tabigat/about?lang=ru, «Электрондық үкімет» веб-порталынан www.elicense.kz, сондай-ақ (8-7222) 35-45-35 телефоны арқылы алуға болады.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер жобалары талқылауға шығарылған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында Басқармада және ведомстволық бағынысты мекемелерде ресми интернет-ресурстарда, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жануарлар дүниесі, орман шаруашылығы және экология салаларындағы мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі, сондай-ақ ішкі бақылау шаралары жарияланады.
Қызмет алушылар жүгінген жағдайда мамандар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша консультациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жоқ.
Есепті кезеңде қызмет берушілердің немесе лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері тіркелмеген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және уақтылығын арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібінің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданады.
Абай облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Д. Тоқтыбаев