Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жерүсті көздерінен алынатын су ресурстарын пайдалану үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 19-1/550 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 11719 болып тіркелген.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 485 және 486-баптарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 2003 жылғы 9 шілдедегі 37-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жерүсті көздерінен алынатын су ресурстарын пайдалану үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 29 мамырдағы № 80 (1677) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерүсті көздерінен алынатын су ресурстарын пайдалану үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне қосымшадағы 6-баған алынып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
20 марта 2023