Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының                            11) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде (жыл сайын 15 сәуірден 15 қазанға дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
  2. «Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Абай облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
16 марта 2023