«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы азаматтар мен ұйымдардан 261 өтініш келіп түсті.

Негізгі мәселелер бойынша өтініштер төмендегідей бөлінді:

  • су қорғау қызметі мәселелері бойынша – 116 өтініш;
  • жануарлар дүниесін қорғау, балық және орман шаруашылығы мәселелері бойынша – 34 өтініш;
  • II санаттағы объектілер бойынша экологиялық сараптама алу мәселелері бойынша – 33 өтініш;
  • қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша – 16 өтініш;
  • басқа мәселелер бойынша – 24 өтініш;
  • қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жолданған – 38 өтініш.

Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарманың құзыреті шегінде қаралады.

Дата публикации
29 сентября 2026