«БЕКІТЕМІН»
Абай облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы
______________ Теміржанов М. К.
«____» ____________ ж. № ____
Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру және әкімшілік жұмыс
бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
құқықтары мен міндеттері
Негізгі міндеттері:
Функциялар:
1) облыс аумағында коммуналдық қалдықтар бойынша жұмысты үйлестіреді;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;
3) облыс аумағында иесіз қалдықтардың анықталуын қамтамасыз етеді және осындай қалдықтардың бар екендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге және мұндай қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті;
4) табиғат қорғау бағдарламаларын үйлестіру және іске асыру;
5) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі іс-шараларды және оларды тиісті аумақтарда іске асыруды көздейтін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына бастамашыл табиғат қорғау жобаларын беру;
7) табиғат қорғау жобаларын жоспарлау, мониторингілеу және іске асыру мәселелеріне қатысу;
8) атмосфералық ауаның, су және жер ресурстарының сапасын тұрақтандыруға және қорғауға бағытталған іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыру;
9) құзыреті шегінде аумақтарды дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және келісу;
10) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қалдықтарды басқару және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді;
11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
12) қалдықтардың түзілу көлемін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға, оларды қайта немесе баламалы пайдалану деңгейін арттыруға және көмуге жататын қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандыруларды әзірлейді;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру;
15) табиғат қорғау бағдарламаларын әкімшілендіруді жүзеге асыру;
16) табиғат қорғау іс-шараларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
Құқықтары мен міндеттері:
1) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 366 - бабы 3-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушы болады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
3) қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру.
4) бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде басқарманың табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу;
5) бюджеттік бағдарламалар бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
6) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұзақ мерзімді нысаналы бағдарламаларға ұсыныстар әзірлеу;