Басқарма әзірлеушісі болып табылатын қабылданған нормативтік-құқықтық актілер:
2025 жылғы 21–22 мамыр күндері Абай облысы Жаңасемей ауданы Крупское ауылы маңында Ертіс өзеніне жалпы құны 16 397 500 теңгені құрайтын 2 000 дана біржылдық және 13 409 дана биылғы жылғы Сібір бекіресінің шабақтары жіберілді.
2025 жылғы сәуір айында бакландардың санын реттеу бойынша биологиялық негіздеме әзірленіп, мамыр айында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен келісім алынып, 3 010 баклан аулауға лимит бөлінді.
2025 жылдың III тоқсанында Ертіс өзені мен Шүлбі су қоймасындағы бакландардың санын реттеу жөніндегі іс-шаралар аяқталды. Үлкен баклан санына мониторинг (есепке алу) жүргізіліп, есеп дайындалды. Бұл есеп келесі жылы баклан санын реттеу жұмыстарын жалғастыру үшін пайдаланылатын болады.
Елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспары бекітілген (2022 жылы – 72,3 мың, 2023 жылы – 74,9 мың, 2024 жылы – 65,0 мың, 2025 жылы – 65,0 мың көшет). Осы жоспарға сәйкес ағымдағы жылы әртүрлі ағаш түрлерінен 65 мың көшет отырғызу жоспарланған.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, 2025 жылы 70 511 көшет отырғызылды.
Отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен мамандандырылған мекеме құрылды. Оның негізгі қызметі – ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалын өсіру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу, ормандарды қорғау және молықтыру. Штаттық саны – 20 адам. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өтті, жарғысы бекітілді, іс-шаралар жоспары әзірленді. Негізгі жобалардың бірі – Семей қаласында жылыжай кешені бар питомник салу.
Сонымен қатар, Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағы» КММ мамандары Абай облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Полиция департаменті және балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп 314-ке жуық рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 68 фактісі анықталды.
4 қылмыстық іс қозғалды, 13 материал сотқа жолданды және 59 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Қалың қардың түсуіне байланысты демеушілік қаражат есебінен Үржар, Аягөз, Ақсуат, Абай, Жарма және Көкпекті аудандарында жабайы жануарларды азықтандыру үшін жем-шөп төсеу жұмыстары жүргізілді (қаңтар, ақпан және желтоқсан айларында).
2025 жылы қоршаған орта сапасының бекітілген мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізудің бірінші жылдық мониторингі жүргізілді.
2025 жылы Абай облысы халқының 68 %-ы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен қамтылды.
2025 жылдың алғашқы 6 айында 37 607 тонна қатты тұрмыстық қалдық түзілді, оның ішінде сұрыптау (қайта өңдеу) үлесі 21,7 %-ды немесе 8 165 тоннаны құрады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 170 нысанның тек 6-уы ғана (Семей қаласы, Курчатов қаласы, Аягөз, Жарма және Абай аудандары) экологиялық және санитариялық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, бұл жалпы санның 3,5 %-ын құрайды.
Ақсуат ауданында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Басқарма тарапынан 2024 және 2025 жылдары Мақаншы ауданы Қабанбай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджеттік өтінімдер беріліп, қаржы бөлінді. ЖСҚ-ны аяқтау және мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 14,9 млн теңге қарастырылды.
Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, бюджет қаражаты есебінен Семей қаласында жаңа заманауи қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімі – 2023–2025 жылдар.
Ағымдағы жылы рұқсат етілмеген қалдықтар жиналған 182 орын анықталды. Оның ішінде:
– Семей қаласында – 73;
– Бесқарағай ауданында – 15;
– Бородулиха ауданында – 12;
– Жаңасемей ауданында – 36;
– Аягөз ауданында – 46 заңсыз қоқыс орны анықталды.
Бүгінгі күнге дейін аудан әкімдіктерінің есептеріне сәйкес 16 нүкте жойылды, оның ішінде:
– Бесқарағай ауданында – 5;
– Бородулиха ауданында – 4;
– Жаңасемей ауданында – 7.
2024 жылы Басқарма Абай облысы бойынша 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеп, ол 2024 жылғы 13 желтоқсанда облыстық мәслихатпен бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес барлығы 44 іс-шара көзделген, оның 32-сін 2025 жылы іске асыру жоспарланған.
«Үздік аула», «Таза ауыл/қала», «Үздік балабақша», «Үздік мектеп», «Үздік медициналық пункт», «Үздік кіреберіс» конкурстарын өткізу туралы ережелер әзірленді. Іс-шараларды сапалы өткізу және кең көлемде ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін тиісті тапсырмалар мен әдістемелік ұсынымдар облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктеріне жолданды.
Сонымен қатар, облыста елді мекендер шегінде су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Бородулиха ауданында еріген қар суынан болатын су басудың алдын алу мақсатында Новопокровка ауылындағы Жура өзенінің арнасы және Бородулиха ауылындағы екі учаске тереңдетілді.
Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынынан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру мақсатында Қызыл Кесік ауылының маңындағы ұзындығы 2070 метр қорғаныс бөгетінің арнасын тереңдету және нығайту, сондай-ақ ауыл ішіндегі ұзындығы 480 метр су өткізу арықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Иргизбай ауылдық округінің Уан ауылында орналасқан жалпы ұзындығы 360 метр қорғаныс бөгетін тереңдету және нығайту жұмыстары орындалды.
Елді мекендерді су басу қаупін азайту мақсатында Абай облысындағы елді мекендерге жақын орналасқан су тасқыны қаупі бар өзен учаскелерін сауықтыру жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары (жол картасы) аясында ағымдағы жылы Көкпекті және Биғаш ауылдарындағы Көкпекті өзенінің, сондай-ақ Биғаш ауылындағы Кіндікті өзенінің арналары тазартылды.