Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абай облысы бойынша ақпарат

                               

Қоршаған ортаны қорғау

 

2023 жылы «Семей қаласының шекті рұқсат етілген шығарындыларының жиынтық томы» жобасы әзірленді, 2024 жылы «Курчатов қаласы мен Аягөз қаласының ластаушы заттарының шекті рұқсат етілген шығарындыларының жиынтық томы» жобалары әзірленіп, келісілді. Бұл жобалар қалалардың әуе бассейнінің нақты жай-күйін айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабына сәйкес, 2024 жылы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚОС НК) әзірленіп, Мәслихаттың шешімімен (2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/157-VIII) бекітілді. Аталған ҚОС НК жобасы қоршаған ортаның, соның ішінде атмосфералық ауаның сандық және сапалық сипаттамаларын қалыптастыруға жол ашты. Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу кезеңі бес жылды құрайды. 2025 жылы бірінші жыл ішіндегі ҚОС НК-ге қол жеткізу деңгейіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс өз жалғасын табуда. Қазіргі уақытта көктемгі мониторинг кезеңі өткізілді.

Бұдан бөлек, Басқарма өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге 32 экологиялық рұқсат, ҚР ЭК 87-бабының 9) тармақшасына сәйкес жобалар үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың 12 қорытындысы, сондай-ақ ІІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың 47 қорытындысы берілді. Экологиялық рұқсаттар мен қорытындылар арқылы қоршаған ортаға әсер етуші объектілер тарапынан ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің және өндіріс пен тұтыну қалдықтары түзілуінің рұқсат етілген көлемдері реттеледі.

 

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

 

«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Абай облысында әртүрлі ұйымдастыру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың қатысумен 2026 жылғы 25 сәуірде телекөпір - ағаш отырғызу шарасы өтті. Нәтижесінде облыс бойынша 134 мың адам қатысып, 10 мың түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 200 түп ағаш отырғызылды.

Ағымдағы жылдың 4 сәуір мен 16 мамыр аралығында санитарлық тазалау сенбілік жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша сенбілікке 197 972 тұрғын қатысты, 2 840 ұйым және 1162 бірлік техника жұмылдырылды, 16 038 аула тазартылды, 354 саябақ пен сквер тазартылды, 12 889 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған өңірлік жоспарға сәйкес облыс аумағында 67 мың көшет отырғызу көзделген. Қазіргі уақытта 52 778 дана көшет отырғызылып, жоспардың орындалуы 78,7%-ды құрады.

Жоспарды орындау мақсатында басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу арқылы 31,6 мың дана көшет сатып алынды. Бұдан бөлек, Ұлытау облысынан 3 мың дана көшет және «Семей орманы» резерваты тарапынан 1085 қарағай көшеттері өтеусіз алынып, қала мен аудандарға таратылды.

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында Семей қаласында қалдықтарды есепке алудың цифрлық жүйесін республикалық деңгейге біріктіру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі, «WebGis.KZ» ЖШС және «Жасыл даму» АҚ арасында үш жақты актісіне қол қойылды.

Облыс (Семей қаласы) бойынша интеграциялық сервистің жұмыс істеу қабілетіне жүргізілген тестілеу сәтті аяқталды.

Облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қатысты.

Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырылған 170 нысанның ішінен тек 6 полигон (Семей және Курчатов қалаларында, сондай-ақ Аягөз, Абай аудандарында және Жарма ауданындағы екі нысанда) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді, бұл нысандардың жалпы санының 3,5 %-ын құрайды.

Семей қаласында жеке кәсіпкер Рафаиль Сайтмагруфович Хазиповтың меншігіндегі бір ҚТҚ көму полигоны жұмыс істеп тұр. Семей қаласында жаңа заманауи ҚТҚ полигонын салу мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылғы 24 қазанда №06-0380/24 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны 8 973,2 млн теңгені құрайды.

Жобаны іске асыру үшін қала әкімдігінің қаулысымен алаңы 100 гектар жер учаскесі бөлінді. Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жоқтығына және жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты жобаны «Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы іске асыру туралы шешім қабылданды. Қаржыландыруды кәдеге жарату төлемдері (утильалым) қаражаты есебінен жеңілдікті лизинг арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚТҚ полигондарын салу жөніндегі жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру механизмін көздейтін арнайы қаулы қабылдады. Республикалық деңгейде аталған жобаларды қаржыландырудың тәртібі мен шарттарын айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мақаншы ауданының Қабанбай ауылында жаңа ҚТҚ полигонын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2025 жылғы 7 ақпанда «Энергоинформпроект» ЖШС-мен №9 шарт жасалды. Жобалау-сметалық құжаттама 2025 жылғы 12 қарашада аяқталып, 2025 жылғы 14 қарашада мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Электрмен жабдықтау бөлімі бойынша теріс қорытынды алынуына байланысты, қазіргі уақытта құжаттаманы түзету және пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаланып отырған полигон жылына 15 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға есептелген. Полигон құрылысы үшін алаңы 9 гектар жер учаскесі ресімделді.

Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында ҚТҚ полигонының құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Нысан үшін алаңы 5 гектар жер учаскесі ресімделген. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылғы 27 наурыздағы №ЦЭ-0116/23 сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 837,5 млн теңгені құрайды.

Жобаны іске асыруды бастау үшін аудандық бюджеттен 72,0 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда электр бағандары толық орнатылды, алаңы 5 гектар құрылыс алаңын тазарту жүргізілді, сондай-ақ 11 траншеяны қазу жұмыстары аяқталды.

Абай ауданының Көкбай ауылында ҚТҚ полигонын салу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, жобаның сметалық құны 1 693,0 млн теңгені құрайды. Құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберілген болатын, алайда қарастырылған жер учаскесінің мал қорымына жақын орналасуына байланысты оң қорытынды алынған жоқ.

Қазіргі уақытта полигонды орналастыру үшін жаңа жер учаскесі анықталып, ол бойынша материалдар қарауға жіберілді.

Үржар ауданының Үржар ауылында да ҚТҚ полигонының құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді. Жобаның алдын ала құны 500–600 млн теңгені құрайды. Құрылыс үшін алаңы 5 гектар жер учаскесі ресімделді.

Жарма ауданында ҚТҚ полигондарының құрылысы Шалабай ауылы мен Жаңғызтөбе кентінде жоспарлануда. Бүгінгі таңда «Аппақ Жоба» ЖШС жобалау ұйымы аталған нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселелерін пысықтауда.

Бородулиха ауданында ҚТҚ полигондарының құрылысы үш елді мекенде қарастырылған: Бородулиха ауылы, Жезкент кенті және Новошульба ауылы. Барлық нысандар бойынша жер учаскелері анықталып, жерге мемлекеттік актілер ресімделді.

Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.

 

Жануарлар дүниесі

 

Жануарлар дүниесін молайту және сақтау мақсатында жыл сайын су айдындарын балықтандыру іс-шаралары жүргізіледі. Осылайша, облыстық бюджет қаражаты есебінен 2024 жылы Шүлбі су қоймасын балықтандыру жұмыстары жүргізіліп, су қоймасына 83 мың дана тұқы (сазан) шабағы жіберілді. Сонымен қатар, Ертіс өзеніне 128 мыңнан астам сібір бекіресінің шабақтары жіберілді.

2025 жылы Абай облысы Жаңасемей ауданы Крупское ауылы маңында Ертіс өзеніне 2 000 дана біржылдық және 13 409 дана сібір бекіресінің шабақтары жіберілді. Ағымдағы жылы да су айдындарын балықтандыру іс-шараларын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, «Орман және аңшылық шаруашылығы жедел ден қою жасағы» КММ браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен, Абай облысының Полиция департаментімен және Семей қаласының балық инспекциясымен (ЗЕМБИРХ) бірлесіп 240 рейдтік іс-шара өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша заңнама талаптарын бұзудың 14 фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

2025 жылы Ертіс өзені мен Шүлбі су қоймасында үлкен суқұзғын құсының санын реттеу бойынша да іс-шаралар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде шамамен 3 мың дарақтың саны реттелді. Ағымдағы жылы да үлкен суқұзғын құсының санын реттеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.

Аталған іс-шаралар балық ресурстарын сақтау және су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде, өйткені үлкен суқұзғын балықпен белсенді қоректенетін құс болып табылады және оның санының едәуір артуы бағалы балық түрлерінің популяциясына айтарлықтай әсер етеді.

 

Орман тұқымбағын құру

 

2025 жылдың сәуір айында Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жанынан «Жасыл Ел Абай» КММ құрылды.

Сол жылы Семей қаласының облыс орталығындағы Бейбітшілік аралында құрылған орман тұқымбағы аумағында отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында 10 мың көшет отырғызылды, оның ішінде 7,5 мыңы қылқан жапырақты, 2,5 мыңы жапырақты тұқымдар.

Ағымдағы жылы тұқымбақ аумағында 9 мың көшет отырғызылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда

 

Су ресурстарын қорғау

 

Су ресурстарын сақтау және табиғат пен қоршаған ортаға келетін теріс әсерді азайту мақсатында су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленеді.

2023 жылы Шүлбі су электр станциясынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде, сондай-ақ оған құятын су объектілерінде (Шар, Құртоған, Шаған, Мұқыр өзендері) су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленді.

2024 жылы Алакөл көлдері бассейнінің су объектілері бойынша, сондай-ақ Жарма және Бородулиха аудандарында жұмыстар жүргізілді.

2025 жылы Абай, Бесқарағай, Көкпекті және Ақсуат аудандарында су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленді.

Ағымдағы жылы Аягөз ауданында, сондай-ақ Жаңасемей және Мақаншы аудандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №78 «Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысымен облыс бойынша су объектілерінде жаппай демалыс, туризм және спортқа арналған 16 орын белгіленді.

Сонымен қатар, Абай облысының 2023–2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 2025 жылы Бесқарағай ауданының Кривинка ауылында Ертіс өзенінің 600 метрлік жағалау бөлігін бекіту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Бесқарағай ауданының Қарабас ауылында және Кіші-Владимиров ауылдық округіне қарасты Бозтал ауылында қорғаныс үйінділері мен су бұру арналары салынды.

Елді мекендерді су басу қаупін азайту мақсатында, Абай облысындағы елді мекендерге жақын орналасқан су тасқыны қаупі бар өзен учаскелерін сауықтыру жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шаралары жоспары (жол картасы) аясында 2025 жылы Көкпекті ауылындағы және Биғаш ауылындағы «Көкпекті» өзенінің арнасын, сондай-ақ Биғаш ауылындағы Кіндікті өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы Абай облысындағы елді мекендер маңында орналасқан су тасқыны қаупі бар өзен учаскелерін санитарлық жақсарту жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында Бутинкадан Зайсан көпіріне дейінгі аралықта Көкпекті өзенінің арнасын тазалау және жағалауын бекіту, сондай-ақ ұзындығы 5 км болатын Талменка өзенінің арнасын тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған.

Документы
Ақпарат
03 июня 2026
2025 жылға арналған мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шарбиев және Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Садыр Е.Ә. Абай облысы тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу өткізді.
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Абай облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру
Абай облысы бойынша ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы