Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Смаилов Асхат Сайдахметұлы
Абай облысының Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы
Общая информация, образование

Асхат Сайдахметұлы Смаилов 1968 жылғы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 1991 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы қаржы бөлімінің кірістердің түсімін болжау және экономикалық талдау жөніндегі аға экономисі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Ақсуат ауданының салықтарды болжау бөлімінің бастығы және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Тарбағатай ауданы қаржы бөлімінің бастығының орынбасары және экономика бөлімінің бастығы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ экономика және қаржы саласындағы аудандық мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

Қожагер ауылдық округінің әкімі, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті және Тарбағатай аудандарының әкімі, сондай-ақ Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2024–2025 жылдары Абай облысының Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Қаржы басқармасының басшысы және Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерінде болған.

2026 жылы Абай облысының Су ресурстары және ирригация басқармасы басшысының міндетін атқарушы және әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы міндеттерін атқарған.

2026 жылғы 12 қазаннан бастап «Абай облысының Су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарады.

 

Социальные медиа

Меню подвал